xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

"БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" БУЛЛИНГ ПЕН КИБЕРБУЛИНГТІҢ ӘКЕЛЕТІН КЕРІ ӘСЕРІ

2026 жылғы 16 қазан күні мектебімізде оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»,"Бақытты балалық шақ" буллинг пен кибербулингтің әкелетін кері әсері тақырыбында 5–11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен мейірімділікке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына ықпал ету.

Кездесуге мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Э.Бектенова, педагог-психологтар Ж.Қазыханова, Д.Қауысова, мектеп инспекторы Е.Байменов, мектеп медбикесі Ж.Асылбекова және қыздар кеңесінің төрайымы Р.Төлегенова қатысып, оқушыларға жан-жақты түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның зардаптары, әлімжеттік, қорқыту, кемсіту, психологиялық қысым көрсету және әлеуметтік желілердегі кибербуллингтің алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.

Педагог-психологтар оқушыларға жағымсыз жағдайлардан қорғану, қиындықтарды бейбіт жолмен шешу, өзара түсіністік орнату және қажет болған жағдайда психологиялық көмекке жүгіну жөнінде құнды кеңестер берді.Оқушылармен тренинг өтті

Мектеп инспекторы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне, құқық бұзушылықтың салдарына тоқталса, мектеп медбикесі зорлық-зомбылықтың бала денсаулығы мен психологиялық жағдайына тигізетін кері әсері туралы түсіндірді. Сонымен қатар қыздар кеңесінің төрайымы оқушылар арасында әдептілік, адамгершілік, өзара құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында әрбір баланың қадір-қасиетін құрметтеу, бір-біріне жанашырлық таныту, зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау және қауіп төнген жағдайда сенімді ересектерден көмек сұрау қажеттігі ерекше назарға алынды.

Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! Әрбір бала зорлық-зомбылықсыз, қорқынышсыз, мейірім мен қамқорлыққа толы ортада өсіп, білім алуға құқылы.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Бақытты балалық шақты бірге қорғайық!