Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицейінде 4-сынып оқушылары арасында «Жол ережесін білу – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.
Іс-шара барысында оқушылар жол белгілерінің мағынасымен танысып, бағдаршамның түстерін ажырату, жолдан дұрыс өту және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша білімдерін толықтырды. Түрлі тапсырмалар арқылы өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Жол ережесін сақтау – әрбір жаяу жүргіншінің міндеті!
Жолда абай бол, өз өміріңді қорға!