xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Оқушылар арасында «Жоғары баға алатын оқушы өмірде жетістікке жете ме?» тақырыбында мазмұнды дебат өткізілді.

Дебат барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, көзқарастарын нақты дәлелдермен жеткізді. Сонымен қатар қарсы тараптың пікірін тыңдап, өзара құрмет пен мәдениетті пікір алмасудың маңыздылығын көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнерге баулу, өз көзқарасын еркін жеткізуге және дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.

Жетістікке жету үшін жоғары баға жеткілікті ме?

Өмірде жетістікке жету үшін біліммен қатар еңбекқорлық, табандылық, жауапкершілік, бастамашылдық және мақсатқа ұмтылу да маңызды. Осындай пікірталастар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізуіне және өмірлік ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді.

Білім – жетістікке бастар жол, ал табандылық – сол жолдағы сенімді серік!

Ұйымдастырушы: аға вожатый және өзін-өзі басқару ұйымы.