Тазалық – мәдениеттің бастауы, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті!
Еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Акция барысында мектеп аумағы мен айналасы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа жанашырлық, қоршаған ортаға жауапкершілік және тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Таза аула – таза мектептің, таза мектеп – таза қоғамның көрінісі. Табиғатты аялау, туған жерді көркейту және қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың күнделікті дағдымызға айналуы тиіс.
Тазалық – ортақ іс, табиғат – ортақ үйіміз! Бірлігімізді танытып, еліміздің көркеюіне бірге үлес қосайық!
Таза Қазақстан – таза болашақ!