Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі!
Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай қаласын көркейту, абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шараға мектептің ер мұғалімдері белсене қатысып, тазалық жұмыстарына қолдау көрсетті. Ұстаздарымыз ортақ іске атсалысып, тұрғын үйлердің ауласын таза ұстауға, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Осындай игі бастамалар қоғамда бірлік пен жауапкершілікті нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты арттыра түседі. Қаламыздың тазалығы мен көркі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Таза қала – жарқын болашақтың кепілі! Туған жерімізді таза ұстап, көркейту жолындағы игі істеріміз жалғасын таба берсін!