xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі!

Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай қаласын көркейту, абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі шараға мектептің мұғалімдері белсене қатысып, тазалық жұмыстарына қолдау көрсетті. Ұстаздарымыз ортақ іске атсалысып, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Осындай игі бастамалар қоғамда бірлік пен жауапкершілікті нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты арттыра түседі.

Таза қала – жарқын болашақтың кепілі! Туған жерімізді таза ұстап, көркейту жолындағы игі істеріміз жалғасын таба берсін!