«Республика және Конституция – жауапты азамат, қуатты мемлекет» атты апталық аясында мектепте 8 «А», 3 «В», 5 «Ә» сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы», «Егемен елдің ертеңі – білімді ұрпақ», «Құқық пен жауапкершілік қатар жүреді» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік қалыптастыру, Ата Заңның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
Тәрбие сағаттары барысында оқушылар Конституцияның негізгі қағидаларымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар, білімді ұрпақтың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі, заңға құрметпен қарау, тәртіп сақтау, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және Отан алдындағы азаматтық борышты сезіну мәселелері талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға, патриоттық сезімдерін нығайтуға және елін, жерін құрметтейтін, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
Заңды құрметтеу – елді құрметтеу!
Құқығын білетін, міндетін түсінетін ұрпақ – мемлекетіміздің жарқын болашағы!