Күз – береке мен молшылықтың, еңбек пен ырыстың, татулық пен ынтымақтың алтын мезгілі.
2026 жылғы 15 қазан күні мектепте ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, кәсіпкерлікке және өзара қолдау көрсетуге тәрбиелеу мақсатында «Күзгі асар» атты күзгі жәрмеңке жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған жәрмеңкеге 2–11-сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығын, шығармашылық қабілеттерін және іскерлік дағдыларын көрсетті. Күздің молшылығын паш еткен тағылымды шара ерекше мерекелік көңіл күймен өрнектелді. Жәрмеңкеде алуан түрлі жеміс-жидектер мен көкөністер, үй жағдайында дайындалған тәтті тағамдар, ұлттық дәмдер ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – оқушылардың бойында адал еңбекке деген құрметті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру және қаржылық сауаттылыққа баулу. Сонымен қатар білім алушылардың өзара ынтымақтастықта әрекет етуіне, жауапкершілік пен іскерлік қабілеттерін дамытуына ерекше мән берілді.
Халқымыздың ежелден келе жатқан «Асар» дәстүрі – ауызбіршілік пен жанашырлықтың, татулық пен өзара көмектің айқын көрінісі. Осы игі дәстүрдің мәнін жас ұрпақ санасына сіңіру арқылы оқушыларға бірлескен еңбектің қадірі мен ұйымшылдықтың маңызы кеңінен насихатталды.
Іс-шараны ұйымдастыруға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Э. Бектенова, кәсіптік бағдар беруші педагог К. Нақыпбаева, аға тәлімгер Ж. Мақсұт және қосымша білім беру педагогтары белсене атсалысты.
Жәрмеңкенің мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне мектеп ұжымы, сынып жетекшілері, ата-аналар мен 2–11-сынып оқушылары өз үлестерін қосты. Бірлесе атқарылған еңбектің нәтижесінде іс-шара көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ынтымақ пен ұйымшылдықтың үлгісіне айналды.
Осындай игі бастамаға қолдау білдіріп, белсенділік танытқан барша ұстаздарға, ата-аналарға және оқушыларға шынайы алғыс білдіреміз!
«Күзгі асар» жәрмеңкесі – жай ғана сауда-саттық алаңы емес, ұлттық дәстүр мен еңбек тәрбиесін ұштастырған, береке мен бірлікті дәріптеген тағылымды шара.
Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол, бірлігі бекем ұжымның берекесі арта берсін!