xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

2026 жылғы 15 қазан күні «Ерте жүктіліктің салдары және оның алдын алу» тақырыбында 5–11-сынып қыз балаларының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас қауіпсіздігін сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және болашаққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Э.Бектенова қыз бала тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, жасөспірім шақта қабылданған әрбір шешімнің адам өміріне әсер ететінін атап өтті. Қыз балаларды өз қадір-қасиетін құрметтеуге, білім мен тәрбиені басты құндылық ретінде бағалауға, өмірлік мақсаттарын айқындап, болашағына саналы көзқараспен қарауға шақырды.

Мектеп медбикесі Ж.Асылбекова ерте жүктіліктің медициналық салдары, жасөспірім ағзасының физиологиялық ерекшеліктері, жеке бас гигиенасы мен репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың және дер кезінде мамандар кеңесіне жүгінудің маңыздылығын жеткізді.

Мектеп психологі Ж.Қазыханова жасөспірім қыздардың психологиялық ерекшеліктері, эмоционалдық тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, жеке шекараны қорғау және қауіпсіз қарым-қатынас орнату мәселелеріне тоқталды. Қиын жағдайларда қолдау сұраудан тартынбау, өз құқықтарын білу және өзін-өзі құрметтеу қажеттігін түсіндірді.

Кездесу ашық пікір алмасу және сұрақ-жауап түрінде жалғасып, білім алушыларға ерте жүктіліктің медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы жас ерекшеліктеріне сай маңызды ақпарат берілді.

Сонымен қатар қыз бала тәрбиесінде отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелері назарға алынды.

Қыз баланың бойына ізгілік пен парасаттылықты, білімге құштарлық пен жауапкершілікті сіңіру – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды міндеттердің бірі.

Мұндай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға, өмірлік құндылықтарды дұрыс бағалауына және болашаққа нық қадам басуына ықпал етеді.

Ұйымдастырушы: мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Э.Бектенова.