xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында «Құқық пен жауапкершілік қатар жүреді» тақырыбында танымдық дебат өткізілді.

Дебаттың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.

Пікірсайыс барысында оқушылар өз көзқарастарын ортаға салып, түрлі дәлелдер келтіріп, өзара пікір алмасты. Қарсы тараптың пікірін тыңдау, ойды нақты жеткізу және өз ұстанымын қорғау арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері шыңдалды.

Құқық – адамның еркіндігі болса, жауапкершілік – сол еркіндікті дұрыс пайдалана білудің белгісі. Өз құқығын білетін, міндетін түсінетін және әр ісіне жауап бере алатын ұрпақ – қоғамның жарқын болашағы!