xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Ұстаз – ұлттың ұлағатын ұрпаққа жеткізген, білімнің шамын жағып, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардақты тұлға.
Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Алты алаштың басы қосылса – төр ұстаздікі» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлағатты ұстаздарға деген құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, талай шәкірттің жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатқан ардагер, зейнеткер ұстаздарымыз арнайы шақырылды.
• Алтынбекова Ұлмекен
• Агубаева Клара
• Утебекова Әлия
• Құдайбергенова Нұржамал
• Садықова Камила
• Кәрібаева Гүлбақыт
• Абдиғаппарова Фарида
• Тұңғатарова Жанат 
Ардагер ұстаздарымыздың әрқайсысының мектеп тарихында өзіндік орны, шәкірт жүрегінде өшпес ізі бар. Олардың өнегелі жолы – бүгінгі жас ұстаздарға үлгі, кейінгі ұрпаққа тағылым.
Кеш барысында ұстаздарға арналған әндер шырқалып, әсем билер орындалып, жүрекжарды тілектер айтылды. 
Ұстазға деген құрмет – уақыт өткен сайын арта түсетін асыл құндылық.
Ардақты ұстаздарымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектерінің жемісін көріп, шәкірттерінің жетістігіне қуана беруді тілейміз!
«Алты алаштың басы қосылса – төр ұстаздікі!»
Ұстаз – әрдайым төрде!