ӘНҰРАНЫМ – ЖҮРЕК ҮНІМ!
Бүгін мектебімізде ерекше патриоттық атмосфера орнады! Республика күні мерекесіне орай мектебіміздің мақтаныштары – оқушыларымыз бар дауыспен, жүрекпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады!
Бұл жай ғана ән емес...
Бұл – әр қазақстандықтың жүрегіндегі Отанға деген шексіз махаббат!
Бұл – ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке деген құрмет!
Бұл – көк байрағымызға, Елтаңбамызға, Әнұранымызға деген тағзым!
Сап түзеп, қолын жүрегіне қойып, Әнұранды шырқаған әрбір оқушының көзінен Отанға деген сүйіспеншілікті көруге болады. Олардың асқақ дауысы – болашаққа деген сенім, елге деген адалдық!
Мемлекеттік Әнұран – біздің бірлігіміздің символы!
Әнұран – біздің рухымыздың күші!
Әнұран – мәңгілік ел болудың кепілі!
Осындай патриот оқушыларымыз барда – еліміздің болашағы жарқын! Осындай жас ұрпақ барда – Тәуелсіздігіміз мәңгі!
Еліміз аман, жеріміз бүтін болсын!
Республика күні құтты болсын!