15.10-25.10.2026ж. аралығында өткен "Республика және Конститутция: жауапты азамат - қуатты мемлекет" апталығы аясында мектеп кітапханасында "Елімнің болашағына менің үлесім " тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты-оқушылардың Қазақстан Республикасының Конститутциясы туралы білімдерін кеңейту, құқықтық сауаттылығын арттыру, Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кітап көрмесіне мектеп оқушылары қатысып, ұсынылған әдебиеттермен танысты. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конститутциясына, еліміздің тарихына, сондай-ақ ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен еңбегіне арналған кітаптар қойылды.
Оқушыларға Конститутцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, елге еңбегі сіңген тұлғалардың өнегелі өмір жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жас ұрпақтың ел болашағына қосар үлесі, білімді, саналы әрі жауапты азамат болудың маңыздылығы жөнінде ой қозғалды.