xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

ЭССЕ БАЙҚАУЫ – ОЙ БӘСЕКЕСІ!

«Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты апталық аясында 9–10-сынып оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді.

Байқау қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылып, оқушылар өз шығармаларында Конституцияның маңыздылығы, азаматтық құқықтар мен міндеттер, сондай-ақ табиғат алдындағы жауапкершілік туралы ойларын ортаға салды. Эссе жазу барысында білім алушылардың азаматтық ұстанымы, шығармашылық қабілеті мен ойды жүйелі жеткізу дағдылары көрініс тапты.

Байқауды ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен орыс тілі бірлестігінің мұғалімдері Б. Токмурзаева, Р. Досова, А. Умирбекова, А. Кылышева және А. Тулбасиева.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:

І орын – 9 «А» сынып оқушысы Жұманова Ақмарал;

ІІ орын – 9 «Ә» сынып оқушысы Тасыбек Мөлдір және 10 «Ғ» сынып оқушысы Абдрахман Нұрайлым;

ІІІ орын – 9 «Б» сынып оқушысы Гайбиддин Аяулым және 9 «Г» сынып оқушысы Сайлау Мерей.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, білім жолында толағай табыс және жарқын жетістіктер тілейміз!

Жауапты азамат болу – ел болашағына жауапкершілікпен қараудан басталады!