xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

2026 жылғы 15 қазан күні Түркістан облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты Мақтаарал шекара басқармасының «Қоғалы» шекара бөлімшесі мен Жетісай ауданы білім бөлімінің бірлесуімен, Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейі КММ-нің Бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің әскери-патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Рсай Абай Мұсаханұлы және БӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сержант Е. Оралов «Жас Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелерін шекара бөлімшесінің күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, әскери қызметшілердің жатын орындарымен, қару-жарақтарымен және әскери техникасымен таныстырды.

Сонымен қатар, іс-шараға арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының курсанттары Әділ Сапарбек Әлібекұлы мен Серік Қасымхан Жеңісбекұлы оқушыларға Академияға оқуға түсу тәртібі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ашық есік күні аясында «Жас Айбын» клубының мүшелері шекара бөлімшесінде салтанатты түрде ант қабылдады.

Оқушылар іс-шарадан зор әсер алып, көңіл-күйлері көтерілді. Олардың Отанға деген патриоттық сезімдері арта түсіп, болашақта әскери қызмет атқаруға деген ынта-жігерлері байқалды.