xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

1 қазан – Қарттар күніне орай мектепте «Жас жүрген жер – мереке, қарт жүрген жер – береке» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Қарттар күні – қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосқан, өмірлік тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесі арқылы жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан ардақты қарияларға ерекше құрмет көрсететін күн.
Өмірдің әр кезеңінде бізге ақыл айтып, жөн сілтеп, ізгілік пен адамгершіліктің үлгісін көрсеткен қарттардың орны айрықша. Әр шаңырақтың берекесі мен әр ұрпақтың жетістігінде аға буынның еңбегі мен өнегесінің алар орны ерекше.
Іс-шараға мектептің белсенді әжелері Темирова Назира және Джумабаева Эльмира қатысып, жас ұрпаққа ақ баталарын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
 Ардақты аналардың еңбегі, өнегесі мен өмір жолы – жас ұрпақ үшін сарқылмас қазына, биік үлгі. Қариясын қадірлеген елдің қашанда берекесі артып, бірлігі нығая бермек.
 Барша қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
Ұйымдастырған:
Музыка пәні мұғалімі – Ж. Дарханбаева
ҚББП ұстазы У. Сырбекова, А. Дүйсебекова, Б. Алтөре