xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

 «Ұстазым – өмірлік өнегем» атты эссе байқауы
Ұстаздар күніне орай мектепте пән бірлестіктері арасында «Ұстазым – өмірлік өнегем» атты эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау және мұғалім мамандығының қоғамдағы маңызын дәріптеу.
Байқау барысында өздерінің білімін, шығармашылық шеберлігін танытып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар марапатталды:
Бас жүлде – бастауыш сынып мұғалімі Есімхан Гүлфия;
І орын – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Таңат Айжан;
ІІ орын – кәсіптік бағыт-бағдар беруші педагог Нақыпбай Камшат.
Жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 
Шығармашылық ізденістеріңізге шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Асанова Анар мен Донаева Гүлжаханға алғыс білдіреміз!