xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Ұстаздар күніне орай мектебіміздің 11-сынып оқушылары ұстаздарға деген ерекше құрметі мен ыстық ықыласын білдіріп, мектеп ауласынан мұғалімдерді күтіп алды. 
Ақ тілектерін арнап, гүл шоқтарын ұсынып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған шәкірттеріміздің бұл игі бастамасы – ұстаз еңбегіне деген шынайы құрметтің көрінісі.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиенің биік шыңына жетелейтін аяулы тұлға. Ал шәкірттің сый-құрметі – ұстаз үшін ең үлкен марапат! 
11-сынып оқушыларына жүрекжарды ықыластары үшін алғыс білдіреміз!
Ұстаздарға құрмет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің жарқын үлгісі! 
Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге!