Қарттар күні мен алдағы Ұстаздар күніне орай мектебіміздің оқушыларымен бірге ардагер ұстазымыз-Турынбекова Күлсара апайымыздың шаңырағына барып, ізгі тілегімізді білдіріп, құрмет көрсеттік.
40 жыл Ұстаздық жолда талай шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбие дәнін сепкен ардақты жанға деген алғысымыз шексіз! Ұстаз еңбегі — ұрпақ жадында мәңгі сақталатын ұлы еңбек. Ал қарттарымыз — өмірдің өнегесі, ұрпақтың ақылшысы, отбасының берекесі.
Ардагер ұстазымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, көңіліне шаттық тілейміз! Әрдайым шәкірттерінің құрметіне бөленіп, ортамызда аман-есен жүре беріңіз!
Ұстазға құрмет — ұрпаққа міндет, үлкенге ізет — тәрбиенің бастауы!