xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Мектеп – тек білім беретін мекеме ғана емес, ол – бала жүрегіне жол табатын, арманға қанат бітіретін, болашаққа бағыт беретін қасиетті шаңырақ.
Ал сол шаңырақтың шырайын келтіріп, жүрегін соқтырып тұрған – ұстаздар! 
Ұстаз – әр баланың бойындағы қабілетті байқап, үмітін оятып, білімге жетелейтін тұлға. Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз, әрбір берген біліміңіз бен ақыл-кеңестеріңіз оқушы жүрегінде мәңгі сақталады.
Сіздер – білімнің шамшырағысыздар!
Сіздер – шәкірт жүрегіне жол табатын жансыздар!
Сіздер – мектептің мәртебесі мен мерейісіздер!
Мектептің әрбір жетістігінің артында – ұстаздың еңбегі, төзімі, ізденісі мен жүрек жылуы бар.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге шәкірттеріңіздің биік белестерін, толағай жетістіктерін, еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз!
Мектептің жүрегі – сіздер!
Жүректеріңізден жылу, жүздеріңізден күлкі, еңбектеріңізден береке кетпесін!