«Д.Қонаев атындағы №9 ІТ-мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілдер кеңістігі: ұлттық құндылықтан жаһандық мүмкіндікке» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Бұл мереке – ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, елдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты дәріптейтін, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді ұлықтайтын маңызды күн.
Тілдер күнінің 5 қыркүйекке белгіленуінің өзіндік тарихи мәні бар. Дәл осы күні қазақ әліпбиін жасап, тіл білімінің негізін қалаған ұлт ұстазы, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Ғалым қазақ әліпбиін жетілдіріп, алғашқы әліппе мен оқулықтарды жазып, қазақ тіл білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Осыған байланысты 2017 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылып аталып келеді.
Онкүндік аясында оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, көптілділікті насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі танымдық әрі шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
BOOKTОК: «Бір кітап – үш тіл»
ETHNO TALK | «Дәстүрдің үш тілдегі үні»
«Бір өлең – үш тіл» челленджі
Іс-шара барысында оқушылар үш тілде «Тілдер шеруіне» қатысып, тілдің адам өміріндегі маңызы мен ұлт мәдениетіндегі рөлін таныстырды. Әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен құндылығын дәріптеп, көптілділіктің қазіргі қоғамдағы маңызын көрсетті.
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, мәдениеттің айнасы және халықтарды біріктіретін құндылық!