xxx xxx xxx
+x xxx xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT-мектеп-лицей" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімі

Жаңа оқу жылының алғашқы кезеңі – 1-сынып оқушылары үшін ерекше маңызды уақыт. Мектеп өміріне алғаш қадам басқан бүлдіршіндердің жаңа ортаға үйренуі, сыныптастарымен қарым-қатынас орнатуы және оқу үдерісіне психологиялық тұрғыдан бейімделуі – педагог-психолог жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Осыған байланысты 1-сынып оқушыларымен мектепке бейімделу бағытында психологиялық жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында оқушылардың жаңа ортаға бейімделу ерекшеліктері назарға алынып, олардың эмоционалдық жай-күйін қолдауға, өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға және мектепке деген жағымды көзқарасын дамытуға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды.
Басты мақсат – әр баланың мектептегі алғашқы қадамын сенімді әрі жайлы ету, оқу ортасына оңай бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету.